Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің жұмысшылары маралдың мүйізін кесіп, қанын туристерге таратқанын бейнелейтін видео тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл оқиғадан полиция мен шенеуніктердің ешқандай заң бұзушылықты көрмегені де таң қалдырады.
Видеода маралдың мүйізін кесу сәті түсірілген. Жануар арнайы құрылғымен мықтап бекітіледі. Мүйіздерді кесіп тастағаннан кейін адамдар қанға толтыру үшін кесе қояды, содан кейін оны ішеді.
Тәуелсіз сарапшы, Мемлекеттік саясатты талдау және басқару халықаралық қауымдастығының (Вашингтон) мүшесі, Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Олжас Жораев болып жатқан жайтқа наразылығын білдірді.
«ШҚО-дан түсірілген видео әлеуметтік желілер мен БАҚ-тың назарын аударатыны анық. Адамдардың бұғыларға бұлай қарауы жабайылық және қараңғылық деп танимыз. Бұл тіпті шетелде де резонанс тудырды, маған әлемнің әртүрлі елдеріндегі достарым жазды. Ал әкімдік пен жергілікті полиция бұған қалай жауап берді? Шаруашылық тексеріліп, ешқандай заңбұзушылық анықталмаған», - деді ол.
Оның айтуынша, барлық омыртқалы жануарларға, оның ішінде маралдарға қатысты Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚР Заңына сәйкес: қатыгездік көрсетуге, азаптауға, ветеринариялық және басқа да іс-шараларды жүргізуге тыйым салынады.
“Демек, ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша мұнда кем дегенде әкімшілік құқық бұзушылық, тіпті қылмыстық құрам бар», - деп қосты сарапшы.
Жораев Экология министрі Зүлфия Сүлейменоваға жүгініп, бастама көтеруін өтінді:
- барлық марал шаруашылықтарында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілеріне тексеру жүргізу;
- Антикормен және Бас прокуратурамен бірлесіп, марал бизнесін «қорғау» үшін тексеру;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан елдің халықаралық имиджіне нұқсан келтіретін осындай рентабельді емес кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды жою мәселесі;
- қажет болған жағдайда жабайы жануарларды ұстауда және (немесе) жартылай еркін жағдайларда ұстау қағидаларын қайта қарау.
«Егер біз өркениетті қоғамда өмір сүргіміз келсе, қазірдің өзінде ескі дәстүрлерден бас тартып, бизнесті жүргізу мен туризмді дамытудың заманауи, гуманистік тәсілдеріне көшейік. Жапонияда сәтті болған дүниені Қазақстанда істеу неге мүмкін емес!?», - деп түйіндеді сарапшы.