Мақтаншақтық: Әсел Сәдуақасованың үйлену тойында жұлдызды қонақтар не берді

Ulysmedia

Жақында актриса Әсел Сәдуақасова мен бірқатар онлайн-жобалардың негізін қалаушы Мағжан Тілеухановтың үйлену тойы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Желіде көптеген танымал қонақтар жас жұбайларға қанша ақша бергенін айтатын бейнежазба пайда болды.

Блогер Бейбіт Әлібеков сұхбат кезінде күйеу жігіттің есепшотына жарты миллион теңге жіберген.

Тағы бір блогер Абылайхан Камаладин ерлі-зайыптыларға екі миллион теңгеден астам ақша бердім деп сендірді.

Күйеу жігіттің досы Рус Либирри Тілеухановқа Prada костюмі мен Dolce & Gabbana жейдесін сыйға тартты.

Ал блогер Ұлықбек Шәріпов жас жұбайларға 1 миллион теңге сыйлады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбаны қызу талқылады, біреулер «Шұғыл үйленуге тура келеді» деп қалжыңдаса, енді біреулері атақтының әрекетін «мақтаншақтық» деп сынады.

Еске салайық, Әсел Сәдуақасова - қазақстандық актриса, продюсер және әнші. Өткен демалыс күндері салтанатты кеш ұйымдастырса, келесі күні сырға салу рәсімін өткізді. Бұған дейін ол күйеуінің туыстары таққан сырғаларын көрсеткен. Бейнежазбаға қарағанда, Әселдің әшекейлері Graff премиум брендінен. Айтпақшы, брендтің ресми сайтында жалпы салмағы 1,95 карат Wild Flower сырғаларының құны салықты есептемегенде 15 500 долларға (шамамен 7 миллион теңге) бағаланған. Дәл осындай, бірақ азырақ караттағы сырғалар 9800 доллар (4,4 миллион теңге) тұрады.

Сәдуақасова күйеуі Тілеухановтан жеті жас үлкен. Оның сұранысқа ие маркетолог екені белгілі. Балидан оралған ғашықтар қазір Алматыда бірге тұрады.