SOS хабарламасын дереу жөнелткіш жабдық елорданың бірнеше жеріне орнатылған болатын, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бірнеше күн бұрын астана көшелерінде дабыл батырмасы бар арнайы қондырғылар орнатылды. SOS хабарламасын дереу жөнелткіш жабдық қазір бас қаланың бірнеше жерінде бар. Полицейлердің айтуынша, бұл тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қажет. Кез-келген азамат төтенше жағдай кезінде немесе оқыс оқиға болып, өзіне қауіп төнсе, сондай-ақ заңбұзушылықтарға куә болса осы дабыл батырмасын баса алады. Осы арқылы шұғыл тиісті көмек көрсетілмек.
Журналистер аталған қондырғылардың жұмыс істейтін-істемейтінін тексеріп көрді. Қондырғының қасына барып, SOS батырмасын басып, 20 минут бойы көмек сұрады. Бұл туралы журналис Максим Рожин телеграм арнасына жазды.
«Қазақстанда «Сергек» қана ақаусыз жұмыс істейді, себебі ол арқылы тұрғындардан айыппұл өндіріп алуға болады. Қалғандары мына SOS батырмасы бар қондырғылар сияқты көзбояушылық үшін ғана орнатылған», - дейді журналистер.