Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 8,4%-ға өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
2023 жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша, ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
Күнбағыс майы – 796 тг/л;
Айран– 412 тг/л;
Пияз – 193 тг/кг.
Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.
Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.