АҚШ-тың қаржылық лоббиі Омарованың кандидатурасына қарсы

Ulysmedia

Сәуле Омарова киіз үйде дүниеге келген. Оның ата-анасы-Қазақстанда туберкулезді емдеген қарапайым дәрігерлер. Жас кезінде Сәуле Орал қаласында тұрған, кейін Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетіне еш қиындықсыз түсіп, оқудағы жетістіктері үшін Ленин стипендиясын алды, деп жазады eadaily.com.

Фото: eadaily.com

Омарованың диплом жұмысының тақырыбы: «Карл Маркстің экономикалық талдауы және «Капиталдағы» революция теориясы».

Мүмкін, сол себепті де АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің профессоры Сауле Омарованың кандидатурасын АҚШ Қаржы Министрлігі жанындағы Қаржылық бақылау басқармасының басшысы лауазымына ұсынды, банктер (ел аумағында жұмыс істейтін шетелдіктерді қоса алғанда) оның қарамағында болады.

Сонымен қатар, президент аталған лауазымға Сәуле сайланған жағдайда, 158 жыл ішінде алғаш рет бұл лауазымға әйел адам келетініне назар аударды.

Ақ үй басшысының ұсынысы туралы хабар елдегі қаржылық топтарды дүр сілкіндірді. Сондықтан америкалық жетекші басылымдар Кеңес өкметінен шыққан қазақ қызы туралы көп жаза бастады.

WSJ Омарова туралы мақаланы былай деп атады: "Байденнің кандидаты банктерді өте-мөте жек көреді".

“Президент Трамптың кейбір тағайындаушылары өз агенттіктерін таратуды қолдағаны үшін күлкіге қалды. Ал Омарова өзіне тапсырылған банктерді жойғысы келеді”,-  деп жазады басылым.

Республикалық партияның танымал саясаткері Роберт Адерхолт өзінің Twitter-дегі парақшасында пікір білдірді.

"Байден әкімшілігі бұдан әрі радикалды бола алмайды деп отырғанда, біз отыз жыл бұрын құлаған Кеңестік қаржы жүйесін мадақтайтын кандидат аламыз", – деді.

Ал АҚШ Сауда палатасының атқарушы вице-президенті және бас директоры Нил Бредли Сенаттың банк комитетіне хат жолдады, онда Омарованың Қаржы бақылаушысы лауазымына ұсынылуына үзілді-кесілді келіспейтінін айтты.

"Омарованың идеялары банк жүйесінің Үкіметпен толықтай жұтылуына әкеледі", - деді ол.

Кіші Буш әкімшілігінде Қаржы министрінің орынбасары, FCP Financial Management Ltd қаржылық кеңесшісі Исаак Беккер Омарованың Кеңес Одағымен байланысты өмірбаяны жайлы былай дейді:

"Бұл қоғамда биліктің күтпеген шешімдеріне әдеттегі алғашқы реакция. Бірақ АҚШ-тағы қаржыны мемлекеттік реттеу жүйесіне өзгеріс керегін жалғыз Сәуле Омарова ғана білмей отырған жоқ. Бұл туралы шешім қабылдауға әлі бірде-бір америкалық әкімшіліктің батылдығы жетпеді".

Фото: ММУ. Сәуленің студент кезі

Дегенмен, ол Омарованың мекемені басқару мүмкіндігі аз екенін айтады.

"Тым ерекше тұлға және оның болмысы мемлекеттік реттеудің қазіргі жүйесіне сәйкес келуі екіталай. Мұндай "жара" Американың ірі банктеріне қажет емес, олар бұл жағдайда барлық лоббистік гвардияны іске қосады", — дейді Беккер.

"Фридом Финанс" аналитикалық департаментінің директоры Вадим Меркуловтың пікірі:

"Қоғамда теңсіздікті жою туралы өтініш бар және Байден әкімшілігі оған жауап беруге тырысуда. Пандемиядан кейін байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық одан да өсті. Әрине, банктерге қысым күшейеді, бұл Президент Обаманың кезінде де болды. Егер Омарованың кандидатурасы қазіргі банк жүйесіне қатысты радикалды саясатты азайту шартымен ғана мақұлданады".