Ақтау қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі күн бойы су жоқ

Ulysmedia

Ақтаудағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан науқастың анасы судың жоқтығына шағымдануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Оның айтуынша, емдеу мекемесінде екінші күннен бері ауыз және техникалық су жоқ. Емделушілер бес литрлік бөтелкедегі ауыз суды сатып алуға мәжбүр.

"Ыдыс жууға мүмкіндік жоқ. Палата тазаланбаған. Бізге нақты ештеңе бермейді. Осындай жағдайға байланысты қолхатпен үйге барғымыз келеді, бірақ жібермейді", - деп ашуланады науқас Жазира.

Аурухана басшылығының сөздеріне қарағанда, қазіргі уақытта құбырлар ауыстырылуда, өйткені қолданыстағы құбырлар ескірген және жертөледе жиі ақау болады. Жөндеу жұмыстарының нақты аяқталу уақыты да белгісіз.