Астанада 2 жасөспірім ВИЧ жұқтырған

Ғалиасқар Думан

Астанада 2 жасөспірімнің АИТВ инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Астанада 6 айдың қорытындысы бойынша статистикаға сәйкес 206 АИТВ инфекциясы анықталды. Оның екеуі жасөспірім», - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілер АИТВ жұқтырған.

Көп ұзамай осы факті бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастағаны хабарланды.

20 маусымда министрлік эпидемиологиялық тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады.