Шымкентте экс-медбике есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды

Ғалиасқар Думан

“Жұмысқа” шыққан автоледи полицейлерді байқап, есірткі орамынан тезірек құтылу үшін, оны жолдың шетінде тұрған өз көлігінің астына лақтырып жіберген. Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза “синтетика” тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Polisia.kz

Ұсталған бойжеткеннің көлігінің салонын тексеру кезінде тағы бір шағын орам гашиш тәркіленді. Бұған қоса, оң жақ еден кілемшесінің астынан құпия орындарды қазуға арналған пышақ табылды.

Тергеушілер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Бойжеткен жақында ғана медицина саласындағы қызметінен кеткені белгілі болды.