Қаңтар оқиғасы: Алматы тұрғыны "Шал, кет!" деген сөзі үшін сотталды

Ғалиасқар Думан

Алматының аудандық сотында Әділет Мусинге қатысты үкім шығарылды, ол қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы бейнеүндеу жазған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген видеода ер адам: "Шал, кет" деп ұрандаған.

Сотта оған тәртіпсіздіктерге қатысқаны және биліктің заңды талаптарына белсенді бағынбауға шақырғаны үшін айып тағылды.

Сондай-ақ, сотталушының тәртіпсіздіктерге қатысқан өзге адамдармен бірге полиция мен әскери қызметкерлердің қоршауын бұзғаны анықталды.

"Осыдан кейін ол көпшіліктің алдында сөз сөйледі, адамдарды билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға белсенді түрде шақыра бастады, ал арандатушылық ұрандарды айқайлап, балағат сөздер айтты. Кейін ол жеңіл көліктерді ұрғылап, полиция қызметкерлеріне тас лақтыра бастады", - деп хабарлады сотта.

Мусин 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын сот Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты істі қарап жатқанын хабарлағанбыз.