Жеті елді джунгли арқылы жүріп өткен қазақстандық АҚШ-қа заңсыз кірген

Ғалиасқар Думан

Отандасымыз жеті мемлекетті джунгли арқылы жүріп өтіп, АҚШ аумағына заңсыз кірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

фото: дереккөзден

Жанат Шамиғанов Орталық Америка арқылы өткен жеті мың шақырым жолдың 500-ін жаяу жүрген, деп жазады “Настоящее время” басылымы.

 

Қазақстандықтың сөзінше, ол бірінші Колумбияға барып, одан Панама шекарасына өткен. Сол жерде джунглиге кіріп, әрі қарай жаяу жүрді. Коста-Рика, Никарагуа, Гондурас, Гватемала және Мексиканы еңсеріпті.

"Барлық қиындықтар Панамаға жеткенде басталды.Онда ешкім кірмеген Дарьен саябағы бар. Дәл сол жерде адамдар жиі жоғалып кетеді, өйткені мұнда жол жоқ. Сол жерден қытайлық адамды көрдім, ол оның тобын біреулер тонап кеткенін айтты. Онда әлемнің түкпір-түкпірінің қылмыстық топтары жасырылады. Бұл – есірткімен айналысатын адамдар, қашқындар, қылмыскерлер. Жергілікті полицейлер ол жаққа бармайды", – дейді ол.

Шамиғановтың сөзінше, Кариб теңізінен өтіп бара жатқанда, жағалау күзеті көрмеуі үшін түнде жүрген. Түрлі қорқынышты жайттардың куәсі болғанын айтады.

“Коста-Рикаlf қауіп аздау. Бірақ тоқтатып, ақша бопсалайтындар бар. Мұндай жағдай Мексикада жиі кездеседі”, – дейді қазақстандық.

АҚШ шекарасынан заңсыз өткені үшін отандасымыз ресми жұмысқа орналаса алмапты. Табылған жұмыспен жан бағады. Ол әзірге елге орала алмайтынын жеткізді.