×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

«Теміржолсу-Маңғыстау» компаниясының бұрынғы есепшісі 225 млн теңге жымқырған

04.08.2023, 14:37
фото: ашық дереккөзден

Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды.

Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған.  

Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген.  

“Тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақтауда мектеп есепшісі 76 млн теңге жымқырған еді.

Серіктес жаңалықтары