Қазақстанда ұшаққа алып кіруге болмайтын заттар тізімі жаңарды

Айнель Аянова

Елімізде  ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі сайтында жарияланған тізімде көрсетілгендей, бұрынғыдай жарылғыш заттың заряды мен жарылғыш құрылғыларға, оқ-дәрілердің барлық түріне, атыс қаруына, түйрегіш және кесетін қаруға, сондай-ақ басқа да қауіпті заттарға тыйым салынған.

Бұдан бөлек, аталған талаптарға тағы бір тармақ қосылды. Онда багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер ескерілген. Соның арасында батареямен жұмыс істейтін портативті электронды темекі құрылғылары бар. Оның ішінде электронды жұқа сигаралар, электронды сигаралар, электронды түтіктер, жеке буландырғыштар қамтылған.

Айта кетейік, бұдан бұрын елорда әуежайында жолаушылар ұшаққа 5 мыңнан аса қауіпті зат алып кірмек болғаны анықталған еді.