Бәрі заңсыз берілген: Шымкент кәсіпкерлерінен құны 3 млрд теңгелік 46 жер учаскесі қайтарылды

Ғалиасқар Думан

Антикордың Шымкенттегі департаментінің бастығы Дәурен Ерғарин жеке меншікке заңсыз берілген қанша жер учаскесі қайтарылып жатқанын хабардар етті, деп жазады Ulysmedia.kz

Фото: Ашық дереккөзден

Оның жазуынша, Шымкентте тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жеке меншікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылған.

«Қазіргі таңда сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің балансына қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - дейді ол.

Ерғариннің жазуынша, бұған дейін Алматы қаласында тау бөктеріндегі құрылыс саласында осы тұрғыдағы заңбұзушылықтар анықталған.