«Жақсы өмірді іздеп шыққан»: БҚО-да Еуропаға өтпек болған бес шетелдік ұсталды

Айнель Аянова

Батыс Қазақстанда Ресей арқылы Еуроодақ елдеріне жетпек болған бес шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото ҚР ҰКҚ Шекара қызметі

Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың 4 тамызында Батыс Қазақстандағы шекарашылар белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес адамды ұстаған. Аталған адамдар Қазақстанға әуе жолымен турист ретінде келген. Бесеуі де шетел азаматы. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан.

 Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.