"Қазақтелеком" компаниясы Ауғанстанға интернет-трафикті сату бойынша мәміле шарттарын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Нұрлан Мейірманов "Қазақтелеком" интернетті тек "үй" абоненттерін ғана емес, сонымен қатар байланыс операторларына, оның ішінде көрші елдерге де сататынын атап өтті.
"Бұл қалыпты жағдай, барлық операторлар бұл іспен айналысады және көрші елдерге байланыс ұсыну – бұл өте жақсы көрсеткіш. Бізден интернет сатып алғанда, біздің сапамызға сенім білдіреді, бізді резерв ретінде қолдана алады. Бұл жағдайда "Ауғантелеком" бізге қосылып, жеткілікті үлкен трафик сатып алады. Иә, біз бұл трафикті серіктестермен сатамыз, өйткені байланыс желілеріне шет елде ешқандай мүмкіндік жоқ және көптеген елдер мұндай желі құру архитектурасына тыйым салады", - деп түсіндірді Мейрманов.
Ол сондай-ақ трафик тұрғысынан "Қазақтелеком" үй абоненттеріне ғана емес, сонымен қатар B2B, мектептер, мемлекеттік органдар, Қазақстандағы барлық ХҚКО-лар, банктер, мемлекеттік, қаржылық, құқық қорғау органдарына қызмет көрсететінін айтты.
"Сіздерге көрінбейтін инфрақұрылым өте көп, бірақ ол сапалы жұмыс істейді, сонымен қатар біздің желілер трафик транзиті үшін қолданылады. Мысалы, ҚХР-дағы трафик Қазақстан арқылы, оның ішінде біздің желілер мен әріптестеріміздің желілері арқылы өтеді. Бұл біздің шешім емес, клиенттің өзі бізден сатып алуды құп көрді, оның алдында үлкен таңдау бар – Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Қытайдан сатып ала алады. Ол Қазақстаннан сатып алды, бұл бірдеңені меңзейтін шығар", – деп қорытындылады "Қазақтелеком"АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры.
Еске салайық, қазақстандық делегацияның Кабулға сапарынан кейін осы жылдың сәуір айында "Қазақтелеком" АҚ Ауғанстанға коммерциялық негізде талшықты-оптикалық интернетті жеткізу жөнінде ауған тарапымен келісімшартқа қол қойды. Астанада өткен бизнес-форум барысында Ауғанстанмен қосымша келісімдер бекітілді.