Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны рас па

Ulysmedia

Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталып, ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен үйіне жіберілгені жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Жетісу облыстық полиция департаментінің  мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталған. Бұл бап адамның жеке өмірі туралы деректерді, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында жариялағаны, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілікті көздейді. 

“Журналист қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралардан өткеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

Қазіргі таңда тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай берілмейді»,- деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінен.