Жетісу ауданында жаңбыр салдарынан ауылды су басты

Ulysmedia

Жетісу өңірінде Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында су тасқынына әкеп соққан толассыз жауын жауды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Жетісу өңірінде 12 тамызда Ескелді ауданына қарасты Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауынның салдарынан беткейлерден су ағып, артынша елді мекеннің төрт көшесінің аула аумақтарын су басқан», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жүр. Су басқан аумақтардың тұрғындарын ішінара эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, күні кеше Астана мен Алматы көшелерін су басқан болатын. Сондай-ақ Қарағандыда ауа райының қолайсыздығы су тасқынына себеп болды.