Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынып жатыр

Ғалиасқар Думан

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қор арқылы республика бойынша 76 мың орынға шақталған  62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото, ашық дереккөзден

Үкімет мәліметінше, жалпы қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.

“Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Samruk-Kazyna Construction АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов "жайлы мектептерде" инфрақұрылымдық проблемалар болмайтынына сендірген.