«Қазақстан» шахтасында қаза болған тағы бір жұмысшының денесі табылды

Ғалиасқар Думан

Құтқарушылар «Қазақстан» шахтасында қаза болған тағы бір жұмысшының денесін тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Еске сала кетейік, кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді

Бұдан бұрын апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 8-ге жетті.

Бүгін таңертең компания «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында болған өрт салдарынан компания қызметкері, 1965 жылы туған Слюнков Виталий Владимирович (5-разрядты жерасты электр монтері, жұмыс өтілі 39 жыл) қайтыс болғанын хабарлаған. 

Апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған.