“АрселорМиттал Теміртау” шахтасында үшінші кеншінің мәйіті табылды

Ғалиасқар Думан

Құтқарушылар «Қазақстан» шахтасында қаза болған үшінші жұмысшының денесін тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, тағы екі жұмысшы әлі іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, кеше “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Бұдан бұрын апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 13-ке жеткені белгілі болды.

Апат орнынан кешелі бері екі жұмысшының мәйіті табылды.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.