Қазақстанда қанша бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр

Ғалиасқар Думан

Елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Shutterstock

Оның айтуынша, Қазақстанда аз қамтылғандар саны азайып келеді, бірақ көпбалалы отбасылардың саны өсуде. Егер 2019 жылы елде 250 мың көпбалалы отбасы болса, қазір олардың саны –  545 мың.

Журналистер бейінді ведомство елімізде аз қамтылған отбасылардың саны өспеуі үшін тыйым салу жолымен аз қамтылған отбасылардағы бала туу көрсеткішін азайтуға ниетті ме деген сұрақ қойды.

Қазір Қазақстанда аз қамтылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алады. Бірінші тамыздағы жағдай бойынша АӘК-ті 539 мың адам немесе 102 мың отбасы алады.

"Егер өткен жылмен салыстырсақ, өткен жылы АӘК 700 мыңнан астам адамға немесе 141 мың отбасыға төленді. Көріп отырғанымыздай, АЕК алушылар саны азайып келеді. Қазір балалардың үлесі 65% немесе 355 мың баланы құрайды. 1 қаңтардан бастап осы отбасыларда тұратын 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қосымша кепілдендірілген төлем алады. Әр бала үшін 1,5 АЕК (5175 теңге) төленеді", - деді вице-министр.

Сондай-ақ, журналистер вице-министрден “Қазақстанда бір айда 85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?” деп сұрады. Назгүл Сағындықова сұраққа тікелей жауап бере алмады, бірақ біліктілігі төмен қызметкерлер осындай жалақы алуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев әрбір қазақстандық 85 мың теңгеге өмір сүре алатынын айтқан болатын.