Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық негізде мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұдан былай кейбір жағдайларда пацент жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасынсыз арнайы мамандардың қабылдауына жазыла алады:
- төтенше жағдайларда және жарақаттарда, соның ішінде офтальмологиялық және оториноларингологиялық;
- шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алған кезде;
- дерматовенерологиялық бейіндегі ауруларда;
- онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындағанда;
- тіркелген жеріндегі акушер-гинеколог пен психологқа барған кезде;
- аурудың профиліне сәйкес динамикалық бақылаумен;
- жастар денсаулық орталықтарына хабарласқанда;
- осы жағдайларда маманға қайта қабылдау кезінде.
Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сынға жауап берген болатын.