Алматы мектептерінің бірі "эстетикалық безендіруге" 28 млн теңге жұмсамақ

Ғалиасқар Думан

Алматыдағы мектептердің бірі "эстетикалық безендіруге" қазынаның 28 миллион теңгеге жуық қаржысын пайдалануды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2GIS

Әңгіме Алматы қаласы білім басқармасына қарасты "№46 гимназия" КММ туралы.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, аталған білім беру мекемесі көрсетілген соманы эстетикалық безендіруге қатысты қызметтерге жұмсауды жоспарлап отыр.

Техникалық сипаттамаға сәйкес, дизайнның негізгі элементі – фототүсқағаз болмақ.

Көрсетілген қызметтерді ұсынуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Айта кетейік, бұдан бұрын Атырау шенділері жәрмеңке ұйымдастыруға 100 млн теңгеге жуық қаржы жұмсағалы отырғаны хабарланған.