Шетелде демалған депутат Берденов жаз бойы бірде-бір ауылды араламаған

Ғалиасқар Думан

Парламент аясында депутат Руслан Берденов демалысын шетелде өткізгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Оның айтуынша, ол білім алған. Осы орайда, әлеуметтік желілерде депутаттың шетелде демалғаны және қолдауды қажет ететін бірде-бір ауылға бармағаны туралы ақпарат тарағанын айтпай кетуге болмас.

"Жоқ, жоқ. Қымбат курорттарда болған жоқпын. Лондонда оқыдым. Келесі жылы мен Гарвардқа түскім келеді. Жеке айлық курстар бар, соларды оқыдым. Көп нәрсе үйрендім. Әлі де үйренерім көп. Жалпы, мемлекеттік басқарудың қыр-сыры жайлы білім алдым. Қандай стратегиялар бар, мемлекеттер қалай дамып жатыр, қандай саяси институттар құрылуы керек. Әрине, қажеттілік болды. Мен өз білімімді арттырғанды жөн көрдім", - деді ол.

Еске салайық, 30 маусымда сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылып, депутаттар каникулға кеткен.

Бұдан бұрын демалысқа шыққан мәжілісмендер немен айналысып жүргені хабарланған.