Астанада электр қуаты жаппай сөндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Елорда тұрғындары түн ортасында күтпеген жерден жарықсыз қалды. Кейбір көпқабатты үйлерде сумен жабдықтау да тоқтатылды.
"Астана-АЭК" хабарламасында 3 қыркүйекте сағат 23:52-де ПНФ қосалқы станциясының қуатын қамтамасыз ететін кернеуі 110 кВ әуе желісінің сол жақ тізбегі апаттық түрде ажыратылғаны айтылған.
Осы оқиғаға байланысты келесі аудандарға электр энергиясын жеткізу шектелді:
Ақбұлақ шағынауданы;
Абылай хан даңғылы;
Жұмабаев даңғылы;
Оңтүстік-шығыс.
Сағат 00:19-да ПНФ қосалқы станциясы оң жақ тізбекті пайдаланып қалпына келтірілді және шектеулер толығымен алып тасталды. Қазіргі уақытта 220/110 кВ әуе желісі қызметінің бригадасы оқиға орнында әуе желісін тексеріп жатыр.