"АрселорМиттал Теміртаудың" еншілес кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты

Ғалиасқар Думан

Қарағанды облысындағы кеніште ұңғымашы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"6 қыркүйекте" Өркен" ЖШС кенішінде жазатайым оқиға болып, салдарынан 1984 жылы туған ұңғымашы қаза тапты.Осы фактіні тергеу үшін арнайы комиссия құрылды", - делінген "Өркен" ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Компания марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Қаза тапқан адамның отбасына барлық қажетті қолдау ұжымдық шартқа сәйкес көрсетілетін болады", - деді компания.

"Өркен" ЖШС басшысы - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Айта кетейік, бұдан бұрын «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының көмір департаментіне қарасты “Қазақстан” шахтасында жарылыс болып, 5 кенші қаза тапқан болатын.