Сарыағашта 5 жасар қызды қатыгездікпен өлтірген қаскөйге үкім шықты

Ғалиасқар Думан

Түркістан облысында 5 жасар қызды қатыгездікпен өлтірген педофилге үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот оған химиялық кастрация қолдануды қаулы етті.

Еске салайық, шілдеде Түркістан облысында қаскөй 5 жасар қызды зорлап өлтірген болатын.

Кісі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды өлтіру)  бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті бұған дейін де ауыр қылмыстары үшін сотталған.

Президент Тоқаев бұған дейін ауыр қылмыс жасағанына қарамастан күдіктіге жеңіл жаза тағайындаған судьяны тексеруді тапсырған.

Көп ұзамай Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.