Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчында ел құрамасына жанкүйер болу үшін Астанаға келе жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз», - деп жазды Г.Головкин Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де.
Кеше «Астана-Аренада» Қазақстан Финляндиямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.