Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында белгілі әнші Төреғали Төреәлінің ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында Т. Әлихановқа қатысты (Төреғали Төреәлі) ҚК 378-бабы 1-бөлігі бойынша (Билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау) қылмыстық іс қаралып жатыр”, – делінген сот хабарламасында.
Төреғали Төреәлі қазіргі уақытта еркіндікте. Оған тағайындалған бұлтартпау шарасына сәйкес әнші әрбір сот отырысына уақытша ұстау изоляторынан емес, үйінен келеді.
Еске салайық, шілдеде әнші Алматыда есірткіге мас күйде ұсталған болатын. Кейінірек Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамалып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда әншінің адвокаттары өз клиенттерінің құқығы бұзылғанын айтып, наркологиялық сараптаманың қорытындысымен келіспейтіндерін мәлімдеді.
Сондай-ақ, оның үстінен қылмыстық кодекстің 308-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша іс қозғалды.
18 шілдеде Төреғали Төреәлінің бостандыққа шыққаны белгілі болды.