Тоқаев бас прокурордың орынбасарын жұмыстан шығарды

Ғалиасқар Думан

Болат Дембаев ҚР Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.

Ол бұл қызметке 2019 жылғы сәуірде тағайындалған.