"Елбасы" – артық сөз: Мемлекеттік күзет қызметі марапаттарының атауы өзгереді

Ғалиасқар Думан

Мәдениет министрлігі бірқатар ведомстволық наградаларға өзгерістер енгізетін президент жарлығының жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Жарлық жобасына сәйкес:

  • "Елбасының қауіпсіздігін ерлікпен қамтамасыз еткені үшін" медалі  "Лайықты қызметі үшін" медалі болып өзгертіледі;
  • "Елбасының қорғаны" төсбелгісі бұдан былай "ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері" деп аталады.

Бұдан басқа, ОСК-ның "Сайлау органдары жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін" деп аталатын өз медалі пайда болады.

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

Ал бірер күн бұрын Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды.