26 қыркүйекте Алматыда халықаралық әуежайды басып алу ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті. Бір апта бұрын сотталушылардың адвокаттары сот процесіне онлайн-режимде қатысқысы келмей, жанжал шығарғаннан кейін отырыс кейінге қалдырылғаны хабарланған. Біраз уақыт өткен соң сот залына журналистер, белсенділер мен полиция келді. Ulysmedia.kz тілшісі онлайн-трансляцияға қосылып, отырыстың егжей-тегжейін білді.
Процесс басталмас бұрын, отырысқа қатысушылардың көпшілігінде бір сұрақ – судья адвокаттар қауымының өз әріптестерін қорғауға және әділеттілік үшін күреске қатысуға ниет білдіруіне қалай қарайды? Соңғы отырыста судьяның әрекеті тек әлеуметтік желілерде ғана емес, кәсіби қоғамдастықта да дау тудырған-ды.
"Пікіріңді айтуға мұрсат бермейді"
Отырыс сәл кеш басталды, әдеттегідей жанжалсыз өтпеді. Судьялар процеске қатысқанға дейін сотталушылар өз нұсқаларын айта бастады.
Белгілі болғандай, соңғы алты күнде аштық жариялаған журналист Әйгерім Тілеужанова нәр татпаған, ал басқа сотталғандар абақтыда ұстау шарттарына шағымданды. Мұны естіген ұйымдастырушылар "қажетсіз ақпарат" тарап кетпес үшін дыбысты өшіріп, адвокаттар мен сотталушыларды трансляциядан шеттетіп тастады.
- Сот барысында сіздер сотталушылар мен адвокаттардың "дауысын" өшіруді жалғастыра бересіздер ме? - деп адвокат Василий Садықов техникалық қызметкерлерге жүгінді.
- Біз сотталғандардың әрбір пікірі тыңдалуы үшін соттың офлайн режимінде өтуін қалаймыз.
Сот алқасының төрағасы Ержан Дәулиев сөз алған кезде, трансляцияда қиындықтар туды және айтылғандардың көбін ешкім ести алмады. Отырысқа қатысушылар техникалық қызметкерлердің ескертулеріне құлақ аспады.
- Құрметті судья, сіздің сөздеріңіз түсініксіз, бұлай жұмыс істеу мүмкін емес, – деді адвокаттар.
Сондай-ақ, сотталғандарды қорғаушы тарап олардың көпшілігінің дауысы жасанды түрде өшіріп, процестен шығарылғанына бірден назар аударды, бұл олардың сот алқасына уақытында жүгіне алмауына себеп болды, бұл – заңның өрескел бұзылуы.
Жарты сағаттық техникалық сынақтардан кейін ұйымдастырушылар трансляцияны біржола өшірді.
Барлық отырыстар тек онлайн режимде өтеді
Жабдықты жөндеу шамамен 10 минутқа созылды, содан кейін отырыс жалғасты.
Үзілістен кейін судья трансляция барысында проблемаларды байқамағанын айтты, адвокаттарды бұл мәлімдеме таңғалдырмай қоймады.
- Біз бұл нәрселерге қанша уақыт жоғалтып жатырмыз, офлайн режимде отырыс әлдеқашан аяқталып қояр еді, – деді адвокат Гүлнар Жуаспаева.
Өз өтініштерінде сотталғандардың барлық қорғаушылары сот алқасына сенімсіздік білдіріп, істі басқа қалаға тапсыруды және офлайн режимде өткізуді сұрады.
- Қазақстанда пандемиядан туындаған барлық шектеу шаралары жойылды және отырысты онлайн өткізуге негіз жоқ, - деді адвокат Әйгерім Тілеужанова.
Сот судьяларды істен шеттету және процесті басқа қалаға көшіру туралы өтініштерді қабылдамады. Мұндай шешім Әйгерім Тілеужанованың наразылығын тудырды. Бірақ төраға табандылық танытып, отырысты онлайн режимде өткізу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.
- Барлық техникалық ақаулар жойылды. Процесс барысында әркімнің өз пікірін айту құқығына нұқсан келтірілмейді, - деді Ержан Дәулиев.
Еске сала кетейік, аталған іс бойынша сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырған еді. Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды. Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаев пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.