×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жүрегіне қолын дұрыс қоймаған: әнұранды құрметтемеген әскери қызметші айыппұл арқалады

29.09.2023, 12:04
дереккөзден

Атырауда әскери қызметші Қазақстан әнұранын құрметтемегені үшін 170 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АtyrauРress басылымының жазуынша, 16 қыркүйекте Атырау облысы Мақат ауданында әскери-спорттық ойын басталар алдында мемлекеттік әнұран шырқалған. Осы уақытта іс-шараға қатысқан әскери қызметшілердің бірі жүрегіне екі саусағын қойған. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығының қызметкерлері оның іс-әрекетін ҚР әнұранына құрметсіздік деп санады. Осыған байланысты облыстық ішкі саясат басқармасына және аудан әкіміне шағым жолданған.

Әнұранды құрметтемеген азамат ҚР ҚК 458-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Е-Өтіш" жүйесінде тіркелген шағым полиция бөлімінде қаралды. Кінәлі азамат заңға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды", - деді жергілікті полиция басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев.

Енді әскери қызметшіге 50 АЕК, яғни 172 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын мемлекеттік туды балкондарға ілуге рұқсат берілетіні хабарланған.

Серіктес жаңалықтары