Шетелге ақша аударымдары өсті: Қазақстан қаржысы қай елдерге кетіп жатыр

Ғалиасқар Думан

Тамыз айында елімізден шет мемлекеттерге жіберілген қаражат көлемі шілдемен салыстырғанда өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық банк мәліметінше, өткен айда елден 98,7 млрд теңге кеткен, ал ақша аударымдарының ішкі көлемі 22,1 млрд теңгені құрады.

Ресейден аударымдардың азаюына байланысты шет мемлекеттерден Қазақстанға келген қаражат көлемі 69%-ға төмендеді.

Елімізден ақша алушы негізгі мемлекеттер:

Өзбекстан – 33,6 млрд теңге (шілдемен салыстырғанда +4,35%, 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда -16,8%, жалпы сомадан үлесі – 34,1%);
Ресей – 22,4 млрд теңге (бір айда +12,5%, бір жылда +45%, үлесі – 22,7%);
Түркия – 20,6 млрд теңге (бір айда+27%, бір жылда -25%, үлесі – 20,9%);
Грузия – 8,6 млрд теңге (бір айда +17,8%, бір жылда +53%, үлесі – 8,7%);
Қырғызстан – 3,6 млрд теңге (бір жылда +28,5%, бір айда +10%, үлесі – 3,7%);
Барлығы – 98,7 млрд теңге (бір айда +11,5%, бір жылда -4,3%).

Шетелден алынған қаражат көлемі де шілдедегі көрсеткіштен біршама өсті, бірақ өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. 

Қазақстанға ақша жіберетін негізгі елдер:

Ресей – 7,5 млрд теңге (бір айда -5%, бір жылда -77% жылға, жалпы соманың үлесі – 33,7%);
Өзбекстан – 2,8 млрд теңге (бір айда +12%, бір жылда -39%, үлесі – 12,5%);
АҚШ – 2,4 млрд теңге (бір айда -17%, бір жылда -38,4% үлесі – 10,9%);
Корея Республикасы – 2,3 млрд теңге (бір айда -25%, бір жылда -39%, үлесі – 10,3%);
Түркия – 1,5 млрд. теңге (бір айда +7%, бір жылда -11%, үлесі – 6,7%);
Барлығы – 22,1 млрд теңге (бір айда +9%, бір жылда -69%).