Қостанайда 1,5 мыңға жуық мұғалімнің зейнетақы жарналары аударылмаған

Ғалиасқар Думан

Бейімбет Майлин ауданында мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Аудандық прокуратура мәліметінше, биыл ауданның білім беру ұйымдарының 1 432 қызметкеріне жалпы сомасы 25 млн. теңгеге міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері аударылмаған.

“Аталған заңбұзушылық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша талдау жүргізу барысында анықталды. Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылды, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды. Еңбек заңнамасының талаптарын бұзуды алдын алу мақсатында, аудан прокуратурасымен еңбек ұжымдарының, аудан басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында 200-ге тарта жұмысшыға жалақы төленбегені анықталған.