Индонезияның Батыс Ява провинциясында 11 оқушы суға батып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Korrespondent.net-тің мәліметінше, жұма күні жергілікті мектептің бірі өзен жағасында 150 оқушының қатысуымен шара өткізген. Абай болмауына байланысты 21 бала өзен суына бата бастаған.
Кейін құтқарушылар 11 баланың денесін судан алып шықты. Қалғанының өмірін құтқарып қалды, бірақ екеуі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында болған жағдайдың себебі және із-түссіз жоғалғандар бар-жоғы анықталып жатыр.