Қазақстанға «жылы-жұмсаққа үйренген» шағын бизнес керек пе?
Президент пен үкіметтің кішігірім компанияларды салықтан босатуы екі нәрсені білдіреді: яғни негізгі салықты ШОБ төлемейді, алайда үкімет бәрібір оларға қамқор болғысы келеді, себебі олар қалай дегенмен жұмыс орындарын құрып жатыр.
САЛЫҚТАН БОСАҒАН БИЗНЕС БЕЛСЕНЕ БАСТАДЫ
Ал құрылған жұмыс орындары тұрақты айлық еңбекақы берілетінін білдіреді, әлеуметтік майданда тыныштықты қамтамасыз етеді.
Кейінгі 5-7 жылдың ішінде мемлекет экожүйені құруға барын салып, шағын бизнесті қолдау және дамыту үшін қаражатты белсенді түрде бөліп-ақ жатыр.
Үкімет DAMU қорының тәжірибесін сәтті деп бағалағаннан кейін осы тәжірибені дамыту туралы шешім қабылданып, аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік коропорациялар микробизнеске теңгемен тіпті тегін дерлік (жылдық 2%) несиелерді бере бастады.
Пандемия уақытында елордада, «Атамекеннің» көмегімен пандемиядан зардап шеккен компанияларды қолдау мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілеріне теңдессіз қолдау көрсетілді.
2020 жылы ШОК субъектілерінің жұмыс істеп тұрған саны 2020 жылы бірде азайып, бірде көбейіп тұрса, 2021 жылы бизнес карантин талаптарына бейімделіп, белсенді фирмалардың саны шілдеде 1,384,120 компанияға жетті.
Статистикаға сәйкес, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ШОК санының белгілі бір деңгейде азайғаны байқалады. Алайда жалпы елде белсенді компаниялар артып келе жатқанын атап өту керек. Бұған аталмыш компанияларды салықтан босату және оларды тексеруден босату шаралары себеп болған.
Демек үкімет пен Атамекен ШОК санын жоғары деңгейде қолмен ұстап қалды деуге әбден болады.
НАРЫҚҚА ҚАЙТА ӨҢДЕУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КОМПАНИЯЛАР КЕРЕК
Соңғы статистикада көрсетілгендей, ШОБ-тың жартысынан көбін жеке кәсіпкерлер құрайды.
Бұл ретте орта бизнес субъектілерінің санының азаюын үрейлі тенденция деп атауға болады. Мәселе мынада: микро және шағын бизнестің көбі саудамен (қысқаша айтқанда импортпен және қайта сатумен) айналысады, алайда тұрақты экономика мен жұмыс орындарының құрылуы үшін нарыққа сатумен ғана емес, өндіріспен, қайта өңдеумен, салалық құзыреттерді жинаумен айналысатын компаниялар қажет.
Басқаша айтқанда, Қазақстанға жеке кәсіпкерлерді қолдап қана қоймай, мемлекеттік назарды экономиканың болашағын қалыптастыра алатын компанияларға бұру керек.
DAMU мен басқа да ірі құрылымдар басымдыққа ие салалардың тізімін құратыны белгілі. Әйтсе де өндіріс пен өңдеу саласындағы өсімнің қарқыны төмен, ол аз десеңіз, өсімнің көп бөлігі үшін біз өзімізден бұрын шетелдік құрылғыларға алғыс айтуымыз керек.
АЛЫПСАТАРЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСАТЫН МИКРООЙЫНШЫЛАРДАН ҚАЙЫР ЖОҚ
Әлбетте, бізде ақырындап нарықты бере қоятындай Sber Technologies секілді ірі ІТ алпауыттар өсіп шықпасы анық.
Мәселен, Алматы облысындағы ресейлік «ЭФКО» сатып алған VitaSoy-дың құлауы – мемлекеттің орта бизнесті құтқарып қала алатынын көрсеткен жарқын үлгі. Ал қазір оның орнына микроойыншылар келіп, шетелдік өнімді сатып алып, жергілікті тұтынушыларға қайта сататын болды.
Үкімет атқарған жұмыс туралы есепті қолға алар болсақ, жеңілдетілген несиелеудің, қайта қаржыландырудың, жемқорлыққа жақын дүниелердің мақталып жатқанын байқаймыз.
Осы мақаланың тақырыбына жауап берейік. Қазақстанға ШОБ керек пе? Қазақстан бүкіл бюджетін бизнестің кез келген түрін қолдауға жұмсай алмайды. Еуропалық ШОБ-тың күші – бәсекелестік, альянс, кооперативтер мен салалық қауымдастықтар арқылы кез келген жайсыз жағдайларға бейімделе алуында.
Өкінішке қарай, Қазақстанға да түбі таңдау жасауға тура келеді – ШОБ-ты еркін айналымға жібереміз бе, әлде...Еркелетіп отыра береміз бе? Балаша еркелетіп, жылыға орап отыра берсек, оның табиғи иммунитетінің қалыптасын шектеп алмаймыз ба? Өте маңызды сұрақ...
Расул Рысмамбетов, экономист, сарапшы