Қазақстандық шенеуніктер Президент сенімінен айырылудан неліктен қорықпайды

Ілияс Бақыт

21 тамызда ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева мен 31 тамызда Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың кенеттен қызметтен кетуі біздегі шенеуніктердің сенім лимиті кез келген уақытта таусылатынын аңғартты. Бұған себеп – Парижде өткен олимпиадада спортшыларымыз күтілген нәтижеге қол жеткізе алмады. Ulysmedia.kz тағы кімдер билік лимитін сарқуға жақын тұрғанын анықтауға тырысты.

ulysmedia

«Сенімнен айырылуға» заңымыз қалай қарайды?

ҰОК бас хатшысы болған Ж.Өтешованы қызметтен қуған өзінің бұрыннан келе жатқан үзеңгілесі ҰОК Президенті Геннадий Головкин болса, Маржықпаевты мемлекеттік қызметтен шеттеткен – Президент Қ.Тоқаев. Екеуі де Олимпиададағы сәтсіздікке тікелей кінәлі ретінде көрсетілді. Өтешева тиімділігі төмен кәсіпқой спортты қаржыландыру тәсілдерін сынға алған, ал экс-министрдің спортшылардың дайындығына қарайтын уақыты да болған жоқ, себебі ол бұл қызметке жылға жетер-жетпес уақытта келген. Қазақстандық қоғамның билікке төртжылдықтың басты додасындағы сәтсіздікке жауаптыларды жазалау талабынан кейін аталған екі шенеунік қызметтерімен қош айтысты.

Ең қызығы, заң тұрғысында Өтешованы «сенімнен айырылды» деп кінәлауға Головкиннің еш құқы жоқ. Еңбек заңнамасында мұндай бап та жоқ, мұндай әрекет те бұрын-соңды тәжірибеде болмаған.

- Біз «сенімнен айырылу себебімен жұмыстан босатылды» деген ұйғарымды жиі кездестіреміз. Бұл ұйығарым коммерциялық құрылымдарда да, мемлекеттік қызметте де қолданылады. Әуелі, заң тілінде «сенім» дегеніміз не және оның қандай жағдайларда жоғалуы мүмкін екенін түсініп алайықшы, - дейді Қазақстан заң-кеңес қауымдастығы кеңесінің төрағасы Фарид Алиев.

Оның айтуынша, сенім дегеніміз, қарапайым сөзбен айтсақ, субъектілер арасындағы өзара қарым-қатынас, яғни бір субъектінің адалдық, тәртіптілік, әділдік сияқты қасиеттеріне сенім білдіру. Жеке қарым-қатынастарда сенімнің қашан және не себептен жоғалғанын түсіну оңай, ал формалды құқықтық қарым-қатынастарда бұл түсініксіз.

- Еңбек кодексінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын тоқтату негіздерінің бірі ретінде, егер қызметкер ақша немесе тауар құндылықтарын басқару кезінде немесе қызметтік жағдайын жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне қарсы пайдаланып, жұмыс берушінің мүдделеріне қайшы келетін іс-әрекеттер жасаған жағдайда, сенімді жоғалту негізінде еңбек шартын тоқтатуды қарастырады. Бұл 52-баптың 1-тармағының 13-тармақшасында жазылған. Алайда, оны қолдану үшін кінәлі қызметкердің мұндай әрекеттерге материалдық қызығушылығы дәлелденуі керек, - деп түсіндірді сарапшы.

Критерийлер

2023 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Яғни, мемлекеттік саяси қызметкерлерді отставкаға жіберу үшін қосымша нормалар қосылды. 60-бап жаңа 5-тармақпен толықтырылды. Онда: «Республика Президенті тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметкерлер Президент сенімін ақтамаса, республика Президентінің шешімімен қызметтік міндеттерін орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау негізінде жұмыстан босатылуы мүмкін» делінген.

- Бұл жерде маңыздысы: 60-баптың 5-тармағы барлық шенеунікке қатысты емес, тек Президент тағайындайтын атқарушы билік өкілдеріне, яғни министрлерге, облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне, елшілерге қатысты қолданылады. Бұл норма мемлекеттік қызметке кірер алдын 3 жыл бұрын саяси мемлекеттік қызметте сенімнің жоғалуы негізінде жұмыстан босатылған тұлғалардың мемлекеттік жұмысқа орналасуына  шектеулерді қарастырады. Бірақ үш жылдан кейін сенімді жоғалтқан адам мемлекеттік қызметке қайта оралуы мүмкін. Сонда сенімді қалпына келтіруге бола ма? Оның қандай критерийлері бар? Барлығы өте субъективті және жұмыс берушінің еркін әрекет етуіне барлық жағдайды қарастырып қойған, - деп атап өтті Фарид Алиев.

ҰОК, Жанар Өтешова жұмыс істеген мекеме, мемлекеттік орган емес, ол квази-мемлекеттік құрылым. Тіпті орта деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер, соның ішінде вице-министрлер де «сенімді жоғалту» негізінде жұмыстан босатылмайды. Мұндай жағдайлардың мысалдары тәуелсіз Қазақстан тарихында 2023 жылға дейін де болған, ол кезде мемлекеттік қызмет туралы заңның 5-тармағы әлі енгізілмеген.

Тізім Абдрахимовтан басталды

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең резонансты «сенімді жоғалту» оқиғасы 2019 жылдың жазында орын алды. Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидулла Абдрахимов қызметтен осындай ұйғарыммен босатылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі басты міндет – халық пен билік арасындағы сенімді және диалогты қалыптастыру.

Ғабидулла Абдрахимовқа ел басшылығының қолдау білдіргені, жоғары және жауапты лауазымдарға тағайындалғаны ескертілді, бірақ ол мұндай жауапкершілікті толық сезінбеді. БАҚ-тағы жарияланымдар да оның «сенімді жоғалту» ұйғарымын алуына белгілі бір себепте ықпал етті.

- Қазіргі уақытта Абдрахимовқа жоғары биліктің сенімі қалмады. Халық барлық билік тармақтарының елге адал және беріліп жұмыс істеуін талап етеді. Осыған байланысты облыс басшылары халыққа қалтқысыз қызмет етуі тиіс, - деген еді 2019 жылдың жазында сол кездегі Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Тоқаевтың Шымкент әкімін қызметтен босату шешімін түсіндірген сөзінде.

Бірақ сұның өзі Абдрахимовтың мемлекеттік қызметте қайта оралуына кедергі келтірмеді. 2019 жылдың 13 қыркүйегінде Премьер-Министр Асқар Мамин оны өзіне кеңесші ретінде тағайындады. Ал 2021 жылдың 21 қаңтарында Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, Ғабидулла  Абдрахимов осы қызметте 2021 жылдың қазан айына дейін жұмыс істеді. Ол министрдің орынбасары қызметінен «басқа жұмысқа ауысуына» байланысты босатылды, әдетте бұл мемлекеттік қызметте ішкі ротациялар кезінде қолданылатын шешім. Содан бері Абдрахимов мемлекеттік қызметте көрінбеді, қылмыстық тергеу нысанына алынды және бизнеске кетті. Бірақ бұл Акорданың қысымымен емес, оның жеке таңдауы.

Ысырапшылдық

«Сенімді жоғалту» негізінде жұмыстан босатудың тағы бір оқиғасы – Павлодардың әкімі Әнуар Көмпекеевке қатысты болды. Оның жұмысы 2019 жылы сол кездегі облыс әкімі Болат Бақауовқа ұнамады.

- Павлодар әкімі Әнуар Көмпекеев бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны үшін қатаң сөгіс алды. Бірақ ол дәл сол қателікті жасады, алты миллион теңгеге жиһаз сатып алды. Әнуар Көмпекеев саяси мемлекеттік қызметкер ретінде сенімнен айырылды, - деп ашуланды Бақауов. Көмпекеев Бақауовтың пәрменімен әкім қызметінен босады.

«Болашақ» түлегі Әнуар Қайыргелдіұлы 2019 жылдың қазан айынан 2024 жылдың тамызына дейін қинала қойған жоқ. Ол «Транстелеком» АҚ-да басқарушы қызметте жұмыс істеді. Біз Көмпекеевтің 2024 жылдың 29 тамызында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың кеңесшісі ретінде тағайындалғанын көргенде таң қалдық. Әрине, Көмпекеев 2019 жылы Бас прокурордың орынбасары болған Марат Ахметжановтың сенімінен шыға алмады деп айтуға еш негіз жоқ.  Сондықтан бұл орайда оған кінә таға алмаймыз.

Қамшы ма, әлде жылы-жұмсақ па?

Бұл екі мысалдан шығатын қорытынды – «сенімді жоғалту» мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босатудың теріс негізі емес, ол тек белгілі бір жағдайларда белгілі бір адамдарға қарсы қолданылатын қару іспетті. Тәртібі түзеліп жатса, қамшының орнын жылы-жұмсақ тәттімен ауыстыру да жоғары басшылықтың еркінде. Бұл отставкаға кеткен үкімет мүшелерінің басқа орынға тағайындалуы секілді дүние.

Мемлекеттік қызметкердің қандай жағдайда Президент сенімін жоғалтуы мүмкін екені 60-баптың 5-тармағында нақты айтылған: ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау. 2019 және 2024 жылдары болған соңғы екі үкіметтің отставкасын еске түсіріп көрейік. Екі жағдайда да Министрлер кабинеті Президент сенімін ақтамағаны айтылды. Оның бірі 2019 жылдың ақпанында Бақытжан Сағынтаевтың, екіншісі 2024 жылдың ақпанында Әлихан Смайыловтың Үкімет басқарған кезінде байқалды. Десе де, екі жағдайда да министрлердің көпшілігі екі үкіметте де өз орындарында қалды.

Оның себебі де түсінікті – елде мемлекеттік қызметкерлердің, яғни кадрдың жетіспеушілігі байқалады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ешбір үкімет толықтай ауыспаған. Министрлер төменгі лауазымдарға немесе басқа ведомстволарға ауысып, саяси алаңда бәрібір қалып отырды. Мемлекеттік қызметтен кету тек зейнетке шыққан жағдайда немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайларда ғана орын алатын еді. Бірақ сонда да оларды қызметтен алудың басқа тәсілдері қолданылатын. Соның ішінде танымалы – «денсаулық жағдайына байланысты немесе өз өтініші бойынша деген» себептер.

Сонымен саяси мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметтерінен «сенімді жоғалту» негізінде босатылуына қандай критерийлер әсер етеді?

Резонанстық жағдайлардың екеуін ғана салыстырайық. Біріншісі – бұрынғы Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты, екіншісі – бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа қатысты.

Ғабидолла Әбдірахымов Арыстағы әскери қоймалардағы жарылыстан кейін халықпен тығыз жұмыс істеудің орнына Лондонға қыдыруға барған. Өзінің айтуынша, келіссөз жүргізу мақсатында тұманды Альбионға аттанған. Халықтың наразылығына тап болған әкім қызметінен алынды.

Президент жеке жауапкершілігін еске салып, Сапархан Омаровты 2021 жылдың шілдесінде «министрлік жұмысын тиімді ұйымдастыра алмағаны үшін» қызметінен босатты. Ол Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған кезде Маңғыстау, Қызылорда облыстарында қуаңшылықтан мал жаппай қырылды. Ал осының алдын алып, малды жем-шөппен қамтамасыз етуі тиіс министр өз міндетін орындай алмады. Бір айдан аз уақыт ішінде Сапархан Кесікбайұлы квазимемлекеттік «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-на басқарма төрағасы болды.

Сонымен, президенттің Ғабидолла Әбдірахымовқа деген сеніміне нұқсан келтірген, бірақ Сапархан Омаровқа нұқсан келтірген не? Біріншісі елде жоқ еді, бірақ жас әрі шектен шыққаны Лондонның күлкілі видеоларымен Астананы ашуландырды. Ал екіншісі ауыр материалдық зардаптармен әрекет етпеген. Кез келген министрді, әкімді немесе елшіні өз құзырында бірдеңе болса, нысанаға алуға болады екен, бірақ билік субъективті себептермен олардың беделін түсіру үшін қасқыр тұжырымды пайдаланады ма екен?

Енді қараңыз, Абдрахимов Арыста жарылыс боылп жатқанда Лондонда қыдырып жүрді. Ал С.Омаров бүкіл елді жем-шөпсіз қалдырды. Екеуінің кінәсі екі түрлі. Соған қарағанда Президент сенімін жоғалту мәселенің ауыр-жеңілдігіне қарамайды. Мүмкін, бұл халықтың ашу-ызасын, наразылығын қалайда азайту мақсатында қолданылатын саяси тактика шығар?