«Қазақтелекомға» не болды немесе неліктен Б.Мусин мыс сымдармен алысып жүр

Ілияс Бақыт

«Қазақтелеком» басшысы телекоммуникация саласындағы ұлттық компанияның клиенттері неге шағымданып жатқанының себебін түсіндірді. Бағдат Мусиннің айтуынша, барлығына мыс телефон сымдарын пайдаланатын ескірген ADSL жүйелері кінәлі. Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында «Қазақтелеком» басшысының мәселені түпкілікті шешу үшін оның неден болып тұрғанын білуге тырысып жатқаны айтылған. Сонымен, Қазақстанның цифрлық жүйесінің дамуына кедергі келтіріп тұрған не нәрсе?

Коллаж Ulysmedia.kz

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА НЕ КЕДЕРГІ

Алматыда өткен KURSIV ECOSYSTEMS FORUM шарасында Б.Мусин өзінің жаңа қызметке тағайындала сала «Қазақтелекомның» жұмысы неге жүрмей тұрғанын анықтауға кіріскенін айтты. Айта кетейік, мұны «bottleneck» деп айтады. Бұл дегеніміз қандай да бір саланың дамуын тежеп тұрған өндірістік процесс. Оны анықтап, жоймайынша, мәселе күрмеуі шешілмейді.

– Интернет сапасын арттыру үшін біз “Қазақтелекомда” нені өзгертуіміз керек деген сұрақ туындады. Менің алдымда тұрған мәселе– Қазақстанда қанша абонемент интернетті мыс кабельдер арқылы, қаншасы оптикалық талшықты әдісті пайдаланатынын анықтау болатын, – дейді Мусин.

Оның айтуынша, елімізде 1 млн тұтынушы әлі күнге ескірген ADSL технологияны пайдаланады, яғни мыс телефон сымдарын қолданады.

Қазір оператордың алдында тұрған мәселе – 3 жыл ішінде 800 мың тұтынушыны мыс сымдарынан оптикаға ауыстыру. Ол үшін 400-500 млрд теңге қажет.

Ол сондай-ақ байланыс сигналының нашарлауының себептерін атады және 580 мыңға жуық клиенттің неліктен жоғары сапалы интернетке қолы жетпей отырғанының себебін түсіндірді. Оның айтуынша, мәселе бұл пайдаланушылардың жабдығында. Яғни, тұтынушының үйіне дейін интернет сигналы 512 кбит/с жылдамдықпен келеді де, жабдықтың кесірінен оның жылдамдығы азайып кетеді.

– Кешкі уақытта YouTube видео дұрыс ашылмайды, Netflix-тен кино көре алмайды, т.б. кейбір қызметтерге қолжетімділік жоғалады. Оның бәрі осы жабдықтың кесірі. Яғни, мысалы, сіздің ас үйіңізде теледидар бар, бұл теледидар Wi-Fi-ға қосылған. Роутердің күші интернет таратуға жетпейді. Мен бұл жағдайды автобанмен салыстырар едім, онда 8 жолақ бар, бірақ көлік қозғалысы тек бір жолда ғана. Бізде де солай. Оптика сегіз жолаққа мүмкіндік береді, бірақ біз қазір Қазақтелекомнан бір жолақты береміз, – деп түсіндірді Мусин.

СТАЦИОНАРЛЫҚ ТЕЛЕФОНДАРҒА ТИІСПЕЙМІЗ

Стационарлық телефондар қажет пе деген сұраққа Мусин «Қазақтелеком» бұл байланыс құралынан бас тартпайтынын айтты.

– Стационарлық телефондар әрқашан қосымша болады, бірақ олар мыс емес, басқа технологияны пайдаланады. Бүкіл әлем мыс технологияларын оптикалық технологиялармен ауыстыруға бет бұруда. Стационарлық телефондардың сымын оптикалық құралдармен ауыстырамыз, оларды алып тастау ойымызда жоқ, – дейді Мусин форум кулуарында сөйлеген сөзінде.

KCELL-ДІҢ САТЫЛУЫ ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК

Мусин Kcell активтерін сату туралы айта отырып, оның көзқарасы бойынша бұл шешім дұрыс болды деп санайды. Өйткені өзі кезінде министр болып тұрғанда нарықта бәсекелестік пайда болуы үшін осындай қадамға барған. Бағдат Мусин бұл мақсатқа катарлық инвестор Mobile Telecom-Service (Tele2 және Altel) сатып алу туралы шешім қабылдағанда қол жеткіздік деп санайды. Қазақтелеком басшысының айтуынша, бүгінде байланыс операторы нарығында үш ойыншы адал бәсекелестік туғызуда.

Сондай-ақ Б.Мусин «Қазақтелекомды» басқару туралы ұсыныс түседі деп ойламаған едім» дейді.

– Менің жоспарым сәл басқаша-тұғын. Бірақ түбінде осындай ұсыныс түсті. Мұндай ұсыныс айтқан кісіге мен жоқ дей алмадым, – дейді Б.Мусин.