Қарашаның 27-сі күні «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің маңында жеті жасар бала автобус соққысынан қаза болды. Төтенше жайт көп қабатты үйдің жанындағы көлік тұрағында орын алған. Оқиғат болған жерде қауіпсіздік шаралары қамтылмаған. Әрлі-берлі толассыз қатынаған қоғамдық көліктерге көз жүгіртіп болмайсың. Қалың қарашаның айтуынша, әкімдік аула маңайындағы қауіп-қатердің алдын алғанда және білім ордасын салып бергенде мәселе мұншалықты ушықпайтын еді.
МӘСЕЛЕСІ ТАУДАЙ КЕШЕН
Жеті жасар жас өреннің қазасы Іргелі аумағындағы «Асыл Арманның» тамыр жайған мәселелердің кесікті сағаты туып шегіне жеткенін көрсетіп кетті. Әуелден, мекенге кіретін жердегі тар аялдамаға қоғамдық көліктер сығылысып әзер тоқтайды. Аялдайтын жерге қауіпсіздікпен жетелеп апаратын жаяу жүргіншілер өткелі атымен жоқ.
Тұрғын Ержан Мөлдірдің айтуынша, «себебі, басшылықтағы адамдар, көп қатынайтын жердің біраз бөлігін сауда дүңгіршектеріне беріп тастаған».
ХАЛЫҚҚА КЕРЕГІ БАЗАР ЕМЕС ҚАРА ЖЕР!
Оқиға даулы мәселеге ұласқан соң, 28-қараша күні аяқ-асты жүргіншілер сызығы пайда болыпты. Оған дейін жол белгілері мен кіру мүмкіндіктері болмаған. Сол себептен тасымал көліктері амалсыз «Асыл Арманнан» тыс жекеменшік жерге тоқтап, балаларды жиып әкетеді. Аяқ басар жерді сауда-саттыққа айналдырған базардың орнында аялдама болуы тиіс деген халық сауалын әкімнің орынбасары «сауда дүңгіршектерін жылжыта алмаймыз» деген бір ауыз сөзбен қайырыпты.
«Жаңа аялдаманың орнын бізбен ақылдассын!»
29-қараша күні халықпен сөйлесуге келген әкімнің орынбасары Рүстем Атшабаров сауда орындарын алудың орнына аялдаманы көпірдің арғы бетіне салып беруді ұсынып кеткен.
Осыған қатысты жергілікті тұрғын Вахабова Зухра ойын білдірді: «біз келісімсіз ол жаққа аялдама салуға қарсымыз. Себебі, ол жердің тарлығы және тайғақтығы еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қолайсыз. Тұрғын аумақтағы 20000 адамды айтпаған да Алтын Орда базарының өзіне келіп-кетіп қатынайтын қаншама адам бар?! Мұның арты проблемаланың шешілуіне емес онан ары ушығуына әкеледі».
ХАЛҚЫ КӨП, МЕКТЕБІ ЖОҚ
Асыл арман тұрғын үй кешенінің адам саны 20 мыңды құрайды. Бұл – есепке шаққанда бір аудан тұрғындарымен бірдей. Халық шоғырланған ауқымды мекенде он жылдан бері бірде-бір мемлекеттік білім ордасы, бала-бақша ашылмаған. 2019 жылы басталған мектеп құрылысы әлі де аяқталмаған. Соның салдарынан тұрғындар балаларын амалсыз сағыныса интернатқа жіберуге және екі шақырым жердегі Іргелі мен Кемертоғандағы мектептерге апарып-әкеліп оқытуға мәжбүр.
Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың жолдауымен жайлы мектеп бағдарлама аясында Қарасай ауданындағы Долан, Кемертоған, Алмалыбақ, Қошмамбет ауылдарына 2000 орынға дейінгі 5 мектеп салынған.
«Олардағы халык саны «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен бес есе аз. Дәл біздің аймаққа неге мектеп салмай жатыр деген сұрақ әр тұрғынның көкейінде тұр. Білім министрлігіне жолдаған хатымыз да жауапсыз қалды. Мұның ақыры міне, баланың өліміне әкеліп соқты», – дейді белсенді тұрғын Ермек Мәлік. Жоғарыда аталған ауылдардың халық саны 700-2000 адамнан әрі аспайды.
ТҰРҒЫН ҮЙДЕН БАСҚАСЫНЫҢ БӘРІ ЖЕКЕ МЕНШІК
Тұрғын үй аумағындағы үйден басқасының бәрі жеке меншік жер. Балалардың ойын алаңы мен орталық аллея «Асыл Арманға» тиесілі емес. Әрі-бері қатынайтын көше жарықпен мардымды қамтамасыз етілмеген. Ал, үйдің жарығы мен суының өшіп қалуы жиілеп кеткен. Кәрізді сору қызметі де жаңартылмаған. Тұрғын үй кешені талабына сәйкес, адамға жайлы жағдай жасалуы тиіс. Бірақ ол талап бұл жерде көптен бері ескерусіз қалған.
МҮҢКІГЕН ИІСТЕН МҮЛГІГЕН ХАЛЫҚ. «АСЫЛ АРМАН» ЕМЕС «САСЫҚ АРМАН»
Тұрғын үй кешені салынғаннан бері кірәзді сору қызметі жаңартылмаған. Мөлшері кіші құбыр көп адамды жердегі қалдықты көтеруге шамасы жетпейді. Оның алдын алмастан жыл сайын кем кетігін жамап, жұмыс істей берудің салдарынан сорғы жабдығының электроникасы жиі ақауға ұшырайды. Әсіресе, 2024 жылы жиілеп кеткен.
«Сонымен қатар тұрғын үй кешеніне жақын маңда орналасқан картон шығаратын зауыттан келетін иіс емін-еркін жүруге, өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Адамдардың денсаулығы мен өміріне залалын тигізуде. Сасық иістің кесірінен күндіз күлкіден айырылсақ, түнде ұйқыдан дем жетпей оянатын хәлге жеттік» дейді тұрғын Райгул Жолдыбаева.
Наразы жұрттың сөзіне сүйенсек, Қарасай ауданындағы мұндай тұрғыны көп аумақ ендігі Алматы қаласына қосылуға тиіс. Себебі, халық санының көптігі, күрмеулі мәселенің шешімін таппауы шұғыл бақылауға алуды керек етіп тұр. Талай жыл тоқтаусыз айтылса да мәселесі тоқтамаған «Асыл Арманның» күйі осы. Сасық иіс пен зиянды қалдықтар және сақталмаған қауіпсіздік шаралары, арман болған мектеп т.с.с тамырлы мәселелердің кесірінен бүгін бір өрен қыршынынан қиылса, ертең мың сан адам дертке ұшырауы әбден ықтимал.
Күресе-тіресе, сағым боп самғаған қалау мен өзгеріс бір жеткіншектің ғұмырын жалмамай орын алмайтын күйге түскені жан қынжылтады-ақ…
Дильназ Марленқызы