Осыдан тура бір жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсына отырып, 7 жылға жеткілікті ауқымды сайлауалды бағдарламасын ұсынған болатын. Бұрынғы ел басшысының құрғақ уәдесінің зардабын тартып келген халық ұсынылған бағдарламадан көп үміт күте қойған жоқ. Десе де, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы болғанына бір жыл ғана толса да уәде еткен реформалардың едәуір бөлігін жүзеге асырып үлгергенін атап өткен жөн.
Президенттің бағдарламалық уәделерінің қайсысы азаматтар үшін шындыққа айналғанын Ulysmedia.kz тілшісі зерттеп көрді.