Сараптама

Шулы әрі даулы істер: Биыл кімге қандай үкім шығады
12.01 12:10 Сараптама
2023 жылы елде резонансты сот істері аз болған жоқ. Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған, саяси белсенділігімен көзге түскен белсенділердің ісі, «аруақтар соты», полицияның шетелге қашқан бастығы, сотта кездескен экс-министрлер мен сотталып, көп өтпей босап шыққан олигархтың процесі... Мұның бәрі қоғамда әртүрлі пікір туғызды, қызу талқыланды, ел жадында қалды.    2024 жылы да қоғамның назарында біршама шулы әрі даулы істер болатыны анық. Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте темір тордың арғы жағында сот күнін – сәт сағатын кімдер күтіп жатқанына шолу жасады.