×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда атылған киіктер шетелге сатылуы мүмкін

31.10.2023, 17:33
фото: ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрлігі әлі тиісті құжаттарды дайындауға кіріспеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Десе де, ведомство Қазақстанда атылған ақбөкендерді шетелге сату мүмкіндігін жоққа шығармайды.

"Қазір ақбөкендерді, оның ішінде мүйіздерді коммерциялық пайдалануға халықаралық нарықта нөлдік квота белгіленді. Халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес министрлік ақбөкендерді республикадан тыс жерлерде сату мақсатында квота алу үшін қажетті құжаттарды дайындап, СІТЕЅ Хатшылығының қарауына жолдайтын болады", - делінген хабарламада.

Құжаттарды дайындау жұмыстары әлі басталған жоқ, CITES конвенциясының келесі сессиясы 2025 жылға жоспарланған.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда киіктерді аулау мерзімдері белгіленгені хабарланған.

Жуырда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде киік саны тарихи көрсеткіштен асып кеткенін мәлімдеген.

Оның дерегінше, 2003 жылы киік саны бар-жоғы 21 мың болды.

«Ал 1993 жылы 1 млн 200 мың бас бар еді. Мемлекеттің қамқорлығының арқасында киік саны 1 млн 900 басқа жетті. Мұның ішіне биылғы көктемгі төлін қоспадық. Жалпы, киік – өсімтал мал. Келесі көктемде санақ өтеді. Бірақ қазірдің өзінде ең төменгі 30 пайыздық болжамды алғанның өзінде бүгінде 600 мың бас киік қосылып отыр. Бүгінде киік саны 2 млн 600 мыңның үстінде болады», - деді ол.

Ерлан Нысанбаев киіктерді түнгі уақытта ату көзделіп отырғанын айтты. Министрдің айтуынша, ақбөкендер ауыл шаруашылығына 12 млрд теңге шығын әкелген.

Қазақстандық зооқорғаушылар айтуынша, елімізде киіктерді ату науқаны басталғалы ақбөкендер Батыс Қазақстан облысынан Ресей аумағына үдере көшіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары