×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Тоқаев жаңа премьердің кандидатурасын бүгін ұсынады

06.02.2024, 09:04
Akorda

Бүгін сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысында жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Тоқаев Парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысатынын Ақорда хабарлады.

Еске сала кетейік, кеше президенттің қаулысы шығып, үкімет тарап, премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелген еді.

Қызметінен кеткен Әлихан Смайылов Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылы 11 қаңтарда премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2023 жылғы 30 наурызда президент жарлығымен аталған лауазымға қайта бекітілді. Ол Асқар Маминның орнына келген болатын.

Смайыловқа қаңтардан кейінгі шиеленістерді шешу, әлеуметтік жағдайды оңалту, олигополиямен күрес, қымбатшылықты ауыздықтау секілді міндеттер қойылған. Соңғы уақытта Үкіметтің отставкаға кететіні туралы жиі айтыла бастады. Оның орнына кандидаттар тізімі де аталған. Олардың ішінде Ерболат Досаев, Қанат Бозымбаев және Мұрат Нұртілеу бар.

Әр жылдары Қазақстанда премьер-министр кім болғанын және қазір олар қайда жүргенін Ulysmedia.kz тілшісі кеше шолып шыққан.

Серіктес жаңалықтары