×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Екі партияның өкілі Бектеновтың кандидатурасын қолдаған жоқ

06.02.2024, 15:03
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан халық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партия бүгін премьер-министр болған Олжас Бектеновтың кандидатурасын қолдамай, қалыс қалған болатын. Мәжіліс кулуарында журналистер халық партиясынан Магеррам Магеррамов пен ЖСДП мүшесі Асхат Рахымжановтан не себепті қалыс қалғанын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Ескі мазмұнды жаңа формамен толтырудың қажеті жоқ”

– Партия керек болса өз қатарынан премьерлікке адамды ұсынар еді. Алайда біз қатарымызда бес адам ғана барын түсінеміз, – дейді Магеррамов.

Ол бұған дейін Әлихан Смайылов екінші рет премьерлікке қалған кезде де қалыс қалғандарын айтады. Сөзінше, ол кезде де халық партиясының өкілдері “мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындай алмайды-ау” деген күдіктерін жеткізген.

– Бірақ біз қалыс қалған кезде премьер-министр депутаттардың ескертуін ескеріп, назарға алар деген ойда боламыз. Өкінішке қарай, бұл болмады (Смайыловтың тұсында). Біз әлеуметтік бағытқа бағдарланған экономика болар дедік. Ол болмады. Біз позициямызды бұл жолы да білдірген кезде жаңа премьер-министр жөнінде “ескі мазмұнды жаңа формамен толтырудың қажеті жоқтығын” айттық. Меніңше, бәрі түсінген шығар, – дейді ол.

“Бұл біздің позиция”

Ал ЖСДП өкілі Асхат Рахымжанов Олжас Бектеновтың кандидатурасы ұсынылады деп күтпегенін айтады. “Қалыс қалдыңыздар, неге қарсы дауыс бермедіңіздер?” деген сұрақ қойылды оған.

– Бектенов жемқорлықпен күрес бағытында тәжірибелі адам. ЖСДП президент және парламент сайлауында басты месседж ретінде жемқорлықпен күресті таңдап алған. Яғни, біздің фракция бүгінгі кандидатураға қарсы дауыс берсе, логикаға сыймайтын еді. Екінші жағынан, экономиканы бұл адам өзгерте ме? Бұл кандидатураны дұрыс білмейміз. Бұрын оның экономикалық жобаларды іске асырғанын немесе іргелілеткенін білмейміз. Сол себепті пікіріміз екіұдай – күдігіміз бар. Бұл біздің позиция, – дейді ол.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы үкіметінің басшысы болып тағайындалды.  

Тоқаев Бектеновтың кандидатурасын Аманат партиясы ұсынғанын, оны өзі де қолдайтынын айтты. Осыдан кейін сөз алған Қазақстан халық партиясы, ЖСДП партиясының басшылары Бектеновтың кандидатурасын қолдамай, қалыс қалатынын мәлімдеді. Ал Аманат, Республика, Ақжол, Ауыл партиясы Бектеновтың кандидатурасын қолдады.

69 депутат Бектеновтың кандидатурасын қолдап, 7 депутат қалыс қалды.

 Олжас Бектеновтың кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынған еді.

Серіктес жаңалықтары