«Сабыр сақтаңыздар»: Астана маңында әскери техникалар пайда болады

Қалижан Бектемір

Елорданың шет аймақтарында жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

 

Қорғаныс министрлігі Астана маңында әскери техниканың қозғалысы туралы ескертті.

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 13 наурызда Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана қаласының маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды. Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған. Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысының уақытша шектеулері енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз, – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: «Тыныштық сақтаңыздар»: Еліміздің қарулы күштері Қарағанды облысына жиналды

Осыған байланысты ведомство азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұрайды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.