Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен кетті

Ulysmedia
Фото: primeminister.kz

Данияр Қадыров Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.