×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Айта-айта шаршадық»: Ринат Зайытов ДСМ жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді

18.03.2024, 18:46
Фото: Telegram/Mazhilis_kz

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Ринат Зайытов Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына көңілі толмайтынын білдіріп, МӘМС жүйесін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ ол ведомстводағы тағы бір проблема – адамды мүгедектікке шығару кезінде кездесетін қиындықтар жайында айтып, министрге жалынғандай болды. 

Айта-айта шаршаған мәселеміз – мүгедектікке шығару. Осыны бір жақты қылыңыздаршы, құдай үшін. Осыны айта-айта шаршадық. Қолы жоқ, аяғы жоқ адам неге 2-3 жыл келіп дәлелдеуі керек. Оның қолы-аяғы өсіп кетпейді ғой. Осыны түсіну қиын емес шығар. Аяқ-қолы жоқ адам неліктен 2-3 рет келіп өзінің мүгедек екенін дәлелдеу керек? Қолы мен аяғы өсіп кетпейді ғой, – деді депутат.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов барлық олқылықтарға нашар басшылықты кінәлап, міндетті медициналық сақтандыру жарнасын көбейтуді ұсынып отырған Денсаулық сақтау министрлігін сынға алған болатын. 

Олар менеджмент нашар, бәрін бұрыс істеп жатыр деп мантра сияқты айтты. Екінші жауап – толықтыру шеңбері, үшінші – жою, қорқыту, төртінші жауап – жарналарды көбейту. Егер бәрі ойдағыдай болмаса, біз әрқашан кейбір жарналарды арттыруға тырысамыз, бұл жағдайда бизнестің де, азаматтардың да жарналары, - деп атап өтті ол.

Депутаттың пікірінше, МӘМС әдіснамасын жақсарту және тіркеу мәселелерін шешу қажет.

Серіктес жаңалықтары