Үкімет қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол 1987 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған.
2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-да электрлік байланыс инженері.
2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі «Электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы.
2012-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру және жобалық құжаттаманы талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2014 жылы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры
2014-2017 жылдары «Қазпошта» АҚ құрылымында қызмет етті.
2018-2021 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы
2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.