Ксенофобия: Қазақстанның Сыртқы істер министрі Лавровпен келісетінін мәлімдеді

Ulysmedia

Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровтың  мақаласына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Ашық дереккөзден

 «Лавров бойынша қандай да бір мәлімдеме немесе нота болады ма?» - деп сұрады журналист.

«Лавров Бойынша? Жоқ, болмайды», - деп жауап берді министр.

«Оның мәлімдемесі қалыпты деп ойлайсыз ба?»- деді журналист.

«Бұл мәлімдеме емес. Бұл мақала. Өте жақсы мақала, позитивті», - деді Мұхтар Тілеуберді.

«Яғни, бұл қалыпты жағдай ма?»- деген сұрақты журналист қайталады.

«Иә. Сіз оқыңыз», - деді министр.

«Сіз онымен келісесіз бе?»- деп сұрақ қойды журналист.

«Иә», – деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров «Ресей және Қазақстан, шекарасыз ынтымақтастық» атты мақала жазып, онда Қазақстанның орыс тілді азаматтарына қатысты ксенофобия көріністері барын айтқан болатын.

Кейін мәжіліс депутаттары Ғазиз Құлахметов пен Елнұр Бейсенбаев Сыртқы істер министрлігі Сергей Лавровтың мақаласына міндетті түрде жауап беруі керек деген болатын.